Сіз мәтінді әліге дейін екі саусақпен тересіз бе? Сізге әрбір терген сайын пернетақтаға қарау қажет пе?
Touch Typing Study – әрбір адамға мәтін теру дағдыларын үйрену мен жетілдіруге көмектесетін тегін, ыңғайлы үйретуші сайт.
Сенсорлық теруді үйренсеңіз, сізге тергіңіз келген әріптерді табу үшін пернетақтаға қараудың қажеті де болмайды, сондай-ақ, мәтінді жылдамырақ енгізуді меңгересіз!
Сенсорлық теру – бұл көз жадысына емес, бұлшықет жадысына негізделген әдіс. Бұл әдіс, әсіресе басқа көрнекі материалдан мәтінді көшіру кезінде деректерді аса жоғары жылдамдықпен енгізуге мүмкіндік береді.
Деректерді сенсорлық теру әдісімен теру компьютердің өнімділігін айтарлықтай жақсартып, жылдамдығын арттырады, көбінесе шаршауды басады және көз зақымдануының қаупін кемітеді.
Touch Typing Study курсы 15 сабақ, теру жылдамдығын тексеру тесті мен ойындардан құралған. Олардың көмегімен әр қадам сайын мәтін теруді үйренуге болады және осы мүмкіндіктің бәрі еліктіргіш формада ұсынылған!